Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларын верификациялау процесін мемлекеттік компанияға беру жоспарланып отыр. Тиісті нормативтік өзгерістер қазіргі уақытта Мәжіліс қарауында. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Бұған дейін смартфондарды тіркеу қызметін «ATS Mediafon KZ» жеке компаниясы атқарып келген болатын. Тіпті 2025 жылдың маусым айында министрлік бұл нарыққа бірнеше коммерциялық ұйымды тартуды жоспарлаған еді. Алайда Үкімет деңгейінде бұл саланы мемлекеттік монополияға өткізу туралы шешім қабылданды.
Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бұл қызметті мемлекеттік ұйымның құзырына беру мәселесі жан-жақты талқыланған.
«Нормативтік өзгерістер Мәжілісте қаралып жатыр. Егер олар мақұлданса, бұл жұмыспен мемлекеттік компания айналысады», деді вице-министр Үкіметте өткен брифингте.
2025 жылы министрлік бұл процесті бизнеске беруді «ұтымды» деп санаған болатын. Ол кезде бюджет қаражатын үнемдеу және механизмді жедел енгізу мақсаты алға қойылған еді. Бірақ верификация жүйесі енгізілгеннен бері қазақстандықтар тарапынан көптеген арыз-шағымдар түсті:
Шетелден әкелінген құрылғыларды тіркеу кезіндегі кедергілер; Әсіресе Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген смартфондарды верификациялаудағы техникалық қиындықтар.Енді бұл мәселелер мемлекеттік бақылау арқылы шешіледі деп күтіледі. Заңнамалық өзгерістер қабылданған жағдайда, тіркеу процесінің ашықтығы мен сапасы мемлекеттің тікелей жауапкершілігінде болады.
Соңғы жаңалықтар
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі: Қорғаныс министрлігі төлем ережесін өзгертті
Оқиға • Бүгін, 13:17
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21
Құны 17 миллиондық көлігін алып қойған: Талғарда ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 11:12