Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АҚШ-та бағдарламалық жасақтамадағы ақау салдарынан тежегіштің күрт іске қосылу қаупіне байланысты 420 мыңнан астам Hyundai автокөлігі кері қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі ұлттық басқармасына сілтеме жасап.

Кері қайтару науқанына 2025-2026 жылдары шыққан танымал Santa Cruz, Tucson, Tucson Hybrid және Tucson Plug-In Hybrid Electric модельдері ілікті.
Сондай-ақ басқарманың 15 мамырдағы есебіне сәйкес, гибридті күштік қондырғыны басқару блогының қызып кетуінен өрт шығу қаупіне байланысты 54 337 Hyundai автокөлігі кері қайтарылып үлгерген.
Біз аталған кері қайтару науқандары біздің нарықтағы модельдерге қатысы бар-жоғын білу үшін Қазақстандағы Hyundai ресми дилеріне хабарластық.
Бізге Қазақстан аумағында бұл қызметтік науқан ресми түрде жарияланбағанын хабарлады.
"АҚШ нарығына арналған автокөліктер жиынтықталымы мен техникалық сипаттамалары Қазақстан Республикасы нарығына жеткізілетін көліктерден өзгеше, сондықтан бұл еліміздегі көліктерге қатысты емес", - деп атап өтті компания өкілдері.
Тағы оқыңыз: АҚШ-тағы Hyundai Palisade-ке қатысты трагедия: қазақстандықтарға қандай кеңес берілді?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу