Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 11%-ға – 3 265 жағдайдан 2 919 жағдайға дейін төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 14,23-ті құрады.
"Жасөспірімдердің арасында сырқаттанушылық 20,4%-ға төмендеді. 14 жасқа дейінгі балалардың арасында да оң динамика байқалады. Сонымен қатар балалардағы жағдайлардың үштен біріне жуығы медициналық көмекке өз бетінше жүгінгеннен кейін анықталады", - дейді министрлікте.
Бұл ауруды ерте диагностикалауды күшейтуді талап етеді. Дегенмен, туберкулездің қайталану жағдайларының саны 12,1%-ға қысқарды.
Министрлік хабарлауынша, жоғары қауіп тобындағы халықтың 95,9%-ы флюорографиялық тексерумен қамтылды.