Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елімізде туберкулез жұқтыру деңгейі 10%-ға төмендеген. Былтырғы көрсеткіштерге зер салсақ, туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер біршама жақсарыпты, деп жазады Egemen.kz.
Фото: ашық дереккөз
Туберкулездің таралу жиілігі 12,8%-ға қысқарған. Аурудың осы түрінен болатын өлім-жітім 10%-ға азайған. Статистиканың жақсару себебін салада қабылданған шешімдердің тиімділігімен байланыстырсақ болады. Дер уағында жасалған емшаралардан да оң нәтиже бар. Мысалы, дәріге сезімтал туберкулезден жазылу көрсеткіші 90,5%-ды кұраса, дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ға дейін жоғарылаған. Бұл көрсеткіштер тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан да жоғары.
Елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Сондай-ақ біздегі медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар деңгейінде туберкулезді ерте диагностикалаудың заманауи әдістері енгізілген. GeneXpert аппараты арқылы жүргізілетін (туберкулезге ПТР) зерттеу нәтижелері 2 сағат ішінде дайын болады.
Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ұсынымдарына сәйкес, дәріге төзімді туберкулез түрлерін емдеуде тиімділігі жоғары, инъекциясыз қысқа мерзімді 12 айдан 6 айға дейін емдеу режимдері қолданылады. Бұл емдеу режимдері қабылдауға ыңғайлы таблетка түрінде ұсынылады. Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу үшін 1 айдан 3 айға дейінгі жаңа қысқа мерзімді режимдер қолданылады. Бұл қауіп тобындағы тұлғалар арасында белсенді туберкулездің дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Жыл сайын науқастардың 95%-дан астамы әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Амбулаториялық деңгейде науқастардың 40%-ы емдеуді бейнебақылау режимінде қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігі әлі де амбулаториялық көмек түрлеріне, пациенттерді әлеуметтік қолдауға және елдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған халықаралық стандарттарды қолдануға баса назар аударып отыр. Сондықтан туберкулездің профилактикасын, ерте анықтау және қолжетімді емдеуді дамыту жөніндегі жұмыстар бұрынғыша жалғасады.
Соңғы жаңалықтар
Қызылордада қауіпті шарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Оқушы балта ала жүгірген: Құлсарыдағы мектептің директоры қызметінен босатылды
Білім • Бүгін, 11:42
Астана қаласының прокуроры ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:35
«Бизнесіңді жаптырамын»: Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Заң • Бүгін, 11:23
Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Тұлға • Бүгін, 11:17
Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:03
Grand slam турнирінде Қазақстан дзюдошылары үш жүлде еншіледі
Күрес • Бүгін, 10:52
Елорда мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:32
Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:30
Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:22
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 10:13
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды
Әлем • Бүгін, 09:59
Жаяу жүргінші өткеліндегі қаза: Павлодарлық тұрғындар бағдаршам талап етіп отыр
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:47
Сауда • Бүгін, 09:42