Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны 13 пайызға өсті

13.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елімізде соңғы бір жылда тұрғын үйді жалға алу бағасы орта есеппен 13 пайызға қымбаттаған. Бағаның өсуі елдің барлық өңірлерінде байқалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең жоғары өсім шамамен 43 пайыз көрсеткішпен Павлодар қаласында тіркелген. Одан кейін Петропавл, Ақтөбе және Өскемен қалалары тұр. Ал баға көрсеткіштері ең аз өзгерген Қонаев пен Көкшетау қалалары. 

Мамандардың айтуынша, бағаның күрт өсуі тұрғын үй ұсынысы тапшы өңірлерде байқалған. Мұндай аймақтардың көпшілігінде жалдамалы тұрғын үй нарығы шағын, ал сұраныс күн сайын артып келеді. Бұған ауылдардан қалаларға көші-қон, сондай-ақ Қазақстан бойынша шетелдік студенттердің көптеп келуі әсер етіп отыр. Осындай жағдайда пәтер иелері жалға беру ақысын күрт көтеріп жібереді. 

Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?

Алматы қаласының тұрғыны Гүлмира Әлімқұлова екі бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Жалға алу ақысына қоса, ол барлық коммуналдық қызметтерді де өзі төлейді. Тұрғынның айтуынша, жуырда пәтер иесі жалдау құнын бірден 80 мың теңгеге көтерген.

«Қыркүйекте қоңырау шалып, барлық жерде баға өскенін айтты: «Өздеріңіз де көріп отырсыздар, қазір бағалар мүлде басқа. Бағаны көтерейік» деді. Ол жалдау ақысын 250 мың теңгеге дейін көтеруді сұрады. Бұрын 170 мың еді. Пәтердің аумағы шамамен 42 шаршы метр. Ас үйі – бар болғаны 6 шаршы метр, шағын. Жөндеуі де ескілеу. Коммуналдық қызметтерге айына шамамен 15-20 мың теңге кетеді. Оған қоса интернетке тағы 15 мың теңге төлейміз», дейді ол.

Орта есеппен Қазақстанда пәтер иелері бір шаршы метр үшін 5 мың теңгеден жоғары ақы сұрайды. Ең қымбат жалдамалы тұрғын үй әлі де Алматы қаласында. Одан кейін Астана, Қарағанды, Петропавл және Шымкент қалалары келеді. Ал ең арзан пәтерлерді Тараз бен Түркістанда жалға алуға болады.

Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?

Мамандар тұрғын үйді жалға алудың ең тиімді уақыты – жаздың басы екенін айтады. Ал күзге қарай, әдетте, студенттердің көптеп келуіне байланысты жалдау бағасы қымбаттайды. 

Елімізде пәтер бағасы арзандады

Соңғы жаңалықтар

Тежеу мен демеу

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна шымылдығы түрілген күн

Театр • Бүгін, 08:43

Өмір мен өлім арбасқан алты сағат

Медицина • Бүгін, 08:40

Ғалым еңбегімен беделді

Тұлға • Бүгін, 08:38

Құрылыс кодексі: ең алдымен – халық мүддесі

Құрылыс • Бүгін, 08:35

Көшке қамшы басар кез келді!

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Мәдениет • Бүгін, 08:25

Автокөлік өндірісінде өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:22

Көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі арта түсті

Экономика • Бүгін, 08:20

Білікке негізделген жаңарудың өлшемі

Пікір • Бүгін, 08:15

33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Инфографика • Бүгін, 08:10

Әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді

Саясат • Бүгін, 08:05

Экономикаға байыпты көзқарас керек

Саясат • Бүгін, 08:00

Жергілікті кәсіпкерлер ұсынысы назарға алынады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ерекше бақылаудағы мәселелер

Саясат • Бүгін, 07:50

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью