Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылықтан болған кісі өлімінің саны 32% ға төмендеді

23.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан болған кісі өлімінің саны 32%-ға төмендеді.

Бұл туралы омбудсмендердің Еуразиялық альянсының 10-шы отырысы аясында қазақстандық омбудсмен Артур Ластаев айтты.

Ол республикадағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданғаннан бергі деректермен таныстырды.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан болған кісі өлімінің 30%-дан астамға азайды. Бұл заң шығару жұмыстары арқылы бір адамды құтқару қазірдің өзінде ерлік болып саналады. Бірақ мұнда олардың саны ондаған... Әрбір өлім – үлкен трагедия", - деді Ластаев.

Сондай-ақ ол денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі 17%-ға, орташа ауырлықтағы дене жарақатын салу дерегі 11%-ға азайғанын айтты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью