Қазақстанда тұтынушылық кредит алатындар күрт азайды

15.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова тұтынушылық кредиттердің көлемі күрт азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Былтыр бес жылдан астам уақытқа тұтынушылық кредиттерді рәсімдеуге тыйым салынған болатын. Кепілсіз қарыздарға қатысты талап да күшейтілген. Оған қоса, микроқаржы ұйымдарында төлем мерзімін бір күнге кешіктірген жағдайда жаңа кредит беруге шектеу енгізілді. Осы шаралардың арқасында тұтынушылық кредиттердің көлемі айтарлықтай азайды.

"Мысалы, тұтынушылық кредиттердің көлемі жыл сайын орташа есеппен 30 процентке өссе, биыл кепілсіз тұтынушылық кредиттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 6-7 процентке дейін азайды. Ал жаңа заемдар бойынша кейбір айларда одан да төмен көрсеткіш тіркелген", - деді Әбілқасымова мәжілістегі брифингте.

Бұдан бөлек, банкте кредиттің төлем мерзімі 30 күннен асып кетсе, жаңадан несие рәсімдеуге тыйып салынған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью