Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың 300 ге жуық мүшесі сотталды

10.01.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Былтыр Қазақстанда қылмыстық қауымдастықтардың 299 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл сан ІІМ алқа отырысында аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр Қазақстанда қылмыстық қауымдастықтардың 299 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл сан ІІМ алқа отырысында аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және оларға жетекшілік ету деректері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 10 іс – трансұлттық арналарға қатысты. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан аса қару тәркіленді.

"Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру мен жабдықтаудың тұрақты арналарын жоюға, сондай-ақ, олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын тоқтатуға мүмкіндік берді", – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Айта кетейік, бірқатар жағдайда қылмыстық қауымдастықтардың қызметіне полиция қызметкерлері де тартылған. Мәселен, былтыр Солтүстік Қазақстан облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары тағы пара алғаны үшін 8 жылға сотталды: ол рецидивистің қылмысын жасыру үшін бірнеше мәрте пара алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью