Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: ЖИ иллюстрация
Министрдің айтуынша, Қазақстанның өз автомобиль брендін шығару – отандық автокөлік өнеркәсібінің маңызды мақсаттарының бірі. Алайда брендтің атауы, өндіріс орны мен инвестиция көлемі әзірге анықталмаған.
«Жоба әзірше пысықталу кезеңінде. Иә, келіссөздер жүріп жатыр, бірақ әзірге нақты шешім жоқ. Қай бренд негізге алынатынын қазір айта алмаймыз. Компаниялар арасында ауқымды әрі тұрақты келіссөздер жүргізіліп жатыр», деді Ерсайын Нағаспаев.
Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді
Айта кетейік, бұған дейін «Бәйтерек» холдингі ұлттық жеңіл автокөлік шығару жобасы бойынша малайзиялық Proton компаниясымен меморандумға қол қойылғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов елімізде «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайтындығын айтты.