Қазақстанда үсік жүреді

08.05.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

"Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады

Болжам бойынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі.

"9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, ал 10-11 мамырда шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман түседі", - деп хабарлады метеорологтар.

Ауа температурасы

Қазақстан бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендейді, 11 мамырда елдің солтүстік жартысында түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз термометр бағаны мына деңгейге дейін жетеді:

Қазақстанның батысында 13-28 градус жылы, солтүстік-батыста 10-18 градус жылы, солтүстікте 5-13 градус жылы, орталықта, шығыста 8-18 градус жылы, оңтүстікте 17-26 градус жылы, оңтүстік-шығыста 15-22, таулы аймақтарда 8-13 градус жылы. Қазақстанда 2026 жылдың мамыры қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың мамырына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Метеорологтар мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы, ал жауын-шашын мөлшері әртүрлі деңгейде болады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью