Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Оның айтуынша, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде ветеринариялық дәрілердің басым бөлігі әлі де рецептсіз сатылады. Бұл микробтарға төзімділік мәселесін ушықтыруы мүмкін.
– Қазақстанда бұл мәселені бақылау үшін арнайы бағдарлама іске қосылды. Қазір Мәжілісте антибиотиктерді өсу стимуляторы ретінде пайдалануға тыйым салу және оларды тек рецепт арқылы беру мәселесі қаралып жатыр, – деді ол.
Оның айтуынша, ұқсас шаралар Орталық Азияның басқа елдерінде де қолға алынған. Мәселен, Қырғызстан да ветеринариялық препараттарды рецепт арқылы беруге көшуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар халықаралық ұйымдар жергілікті деңгейде де жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, мамандар індет ошақтарын зерттеп, ветеринарларға тәжірибелік көмек көрсетеді.
– Қазақстанда 5 мыңнан астам ветеринариялық пункт бар. Алайда кей жағдайда мамандар вирустық және бактериялық аурулардың айырмашылығын ажырата алмай жатады, – деді Дурия Чарыпхан.
Оның айтуынша, осы олқылықтарды жою үшін оқыту бағдарламалары іске асырылып жатыр. Сондай-ақ зертханалардың әлеуетін арттыру, халықаралық талаптарға сай тексерулер жүргізу және қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасып жатыр.
Бұған дейін Қазақстанның 2030 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 15%-ға қысқартуды жоспарлап отырғаны туралы жазғанбыз.