Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанда волонтерлердің саны 300 мың адамға жетті. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары-мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 6 жыл бұрын Қазақстанда 50 мың волонтер болған. Бүгінде олардың саны 300 мыңға, ал волонтерлік ұйымдардың саны 810-ға дейін жеткен.
Вице-премьердің айтуынша, қазіргі кезде волонтерлік қозғалысты дамытудың 2030 жылға дейәнгі тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Негізгі мақсат-волонтерлікті қоғамдық өмірдің бір бөлігіне айналдыру. Құжатта кәсіби және салалық волонтерлікке, көбасшыларды дайындығына және цифрлық технологияларға басымдық беріледі.
"Сондай-ақ, біз волонтердің цифрлық төлқұжатын енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Соның арқасында адамның тәжірибесі, құзіреті мен үлесін бір жүйеге келтіруге болады. Әрьір адам кәсібіне, тұрғылықты жері мен жасына қарамастан, өзінің білімі мен дағдыларын қажетті жерде қолдана білуі керек", - деді Балаева ТМД волонтерлерінңң форумында.
Айта кетері, Астанада ТМД волонтерлерінің алғашқы форумы басталды.