Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі Wildberries қойма кешенін ықтимал көшіру мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Министрлік хабарлауынша, қазіргі уақытта Wildberries компаниясынан Қазақстан аумағында қосымша қойма қуаттарын орналастыру мәселесіне қатысты ресми өтініш келіп түскен жоқ.
"Тиісті ұсыныстар келіп түскен жағдайда, олар Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеріле отырып, заңнама талаптарына сәйкес қаралады", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік үшін халықаралық компаниялардың кез келген жобалары елдің ұлттық мүдделеріне сай, өзара тиімді негізде жүзеге асырылуы маңызды. Мұндай жобалар отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі тиіс.
"Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары. Осыған байланысты министрлік заманауи қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы ілгерілетуге бағытталған инвестициялық жобаларды қолдайды", - дейді ведомствода.
Минитсрлікте тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық нормаларымен реттелетінін еске салды. Осыған байланысты нарықтың жекелеген қатысушылары үшін қандай да бір ерекше жағдайлар немесе арнайы талаптар көзделмеген.
Бұған дейін РИА Новости Wildberries маркетплейсін дамытатын RWB тобы Қазақстанда бос қойма орындарын іздеуді бастағанын хабарлады. Басылымның хабарлауынша, 100 мың шаршы метр аумақ іздестіріліп жатыр. Тағы бір дереккөз нарық Қазақстандағы барлық қолжетімді қоймаларды қамтуы мүмкін екенін хабарлады.
Еске салайық, өткен аптада украиналық дрондар Мәскеу маңындағы, Санкт-Петербургтегі, Краснодардағы, Симферопольдегі, Невинномыссктегі және Ленинград пен Тамбов облыстарындағы Wildberries нысандарына шабуыл жасады. Бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Тергеу комитеті террористік шабуыл бойынша қылмыстық істер қозғады.