Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мәліметінше, ядролық кластерді дамыту үшін электр желілік инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту және дамыту қажет болады.
Жаңа атом қуаттарын БЭЖ-ге толыққанды интеграциялау үшін жоғары кернеулі электр беру желілерін, қосалқы станцияларды, желілік қосылу элементтерін және көлік-логистикалық инфрақұрылымды салу талап етіледі.
Атом энергетикасын дамыту елге тек энергетикалық емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік-экономикалық тиімділік береді. Ірі құрылыс және өнеркәсіптік жобалар дәл машина жасау, металлургия, құрылыс және электротехникалық материалдар өндірісі сияқты сабақтас салалардың дамуын ынталандырады.
Құрылыс кезеңінде (бір АЭС құрылысының ең жоғары кезеңінде 10 мың адамға дейін) және кейін инженерлік, ғылыми, білім беру және сервистік құрылымдарда мыңдаған жұмыс орындары ашылады.
Ұлттық кадрлардың біліктілігі артып, экспорттық әлеует күшейіп, өңірлік даму жанданады.
Айта кетейік, «Ядролық технологиялар паркі» Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің қарамағына өтті.