Қазақстанда жаңа банк ашылуы мүмкін

19.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк басшылығы China Construction Bank (CCB) төрағасы Чжан Цзиньлянмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Қазақстанның банк секторының жай-күйі мен даму болашағы талқыланды.

"Екіжақты қаржылық ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда CCB еншілес банкін құру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірді", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, Қытайдың құрылыс банкі әлемдегі ірі банктердің бірі болып саналады. Қаржы ұйымы әлем бойынша 6 триллион доллардың активтерін басқарады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью