Қазақстанда жасалған : Онлайн саудада отандық тауарларға басымдық беріледі

12.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Қазақстанда жасалған» белгісі бар отандық тауар таңбасы енді маркетплейстерде де пайда болады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, маркетплейстер отандық өнімдерді іздеу нәтижелерінде жоғарырақ көрсетуге және арнайы бөлімдер ашуға міндеттеледі. Бұл шаралар отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігі.

Қолданыстағы заңнамаға сай, сауда орындарында отандық тауарлардың үлесі кемінде 30 пайыз болуға тиіс. Сонымен қатар, қосымша бағдарламалар арқылы сөре кеңістігінің тағы 20 пайызына дейін отандық өнімдерге берілуі мүмкін.

Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін

Министрлік өкілдерінің айтуынша, «алтын сөре» қағидаты енгізіліп, отандық өнімдер тұтынушыға көрінетін ең қолжетімді орындарға қойылуға тиіс.

Зерттеулер мұндай тәсілдің тиімді екенін көрсеткен. Мысалы, кейбір сауда желілерінде жүргізілген эксперимент нәтижесінде отандық ірімшік сатылымы 20 пайызға артқан.

«Ірімшік негізгі азық-түлік тауарларының қатарына жатады, алайда бұл сегментте импорт үлесі − 47 пайыз. Эксперименттің небәрі төрт аптасында пилоттық дүкендердегі ірімшік сатылымы 20 пайызға өсті. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Эксперимент нәтижесі ел тұрғындарының «экономикалық патриотизмге» дайын екенін көрсетті», деді Мемлекеттік басқару және мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының директоры Салтанат Джаненова.

Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді

Жаңа талаптардың орындалуын бақылау күшейтіліп, ережелерді бұзғандарға әкімшілік шаралар қолданылмақ. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:05

13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?

Заң • Бүгін, 17:01

Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

Оқиға • Бүгін, 16:38

Qalqan: Жаңа технология МӘМС-ті қалай өзгертеді?

Медицина • Бүгін, 16:25

Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті

Оқиға • Бүгін, 16:22

Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналмақ

Туризм • Бүгін, 16:17

Продюсерден зорлық көрген: «Balapan» телеарнасы Нұрғали Нұғманның жазбасына қатысты пікір білдірді

Оқиға • Бүгін, 16:12

«Ерлік сабағы»: Астаналық оқушылар ардагерлермен кездесті

Елорда • Бүгін, 15:53

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль еншіледі

Спорт • Бүгін, 15:50

Алматыда ана өлімі туралы хабарламаған перзентханаға айыппұл салынды

Оқиға • Бүгін, 15:43

Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?

Қоғам • Бүгін, 15:38

Өскемендегі жарылыс: Тағы бір адам ауруханада көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 15:20

Жамбыл облысында 200-ге жуық омарташы кәсібін тастауға мәжбүр: Субсидия жыры қашан бітеді?

Оқиға • Бүгін, 15:18

Қызылордада өндірістік бағытта қарасора өсіріледі

Оқиға • Бүгін, 14:00

Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады

Оқиға • Бүгін, 13:32

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью