Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Құжат жобасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайтын жекеменшік орта білім беру ұйымдарына бөлінетін қаржының нақты белгіленген мөлшерін бекіту көзделген.
Жобаның негізгі мақсаты – ата-аналар үшін оқу ақысының тұрақтылығын қамтамасыз ету және айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты оның кейінгі жылдары автоматты түрде қымбаттауына жол бермеу.
Оқу-ағарту министрлігінің пікірінше, ұсынылып отырған тәсіл:
білім алудың қолжетімділігін арттыруға;оқу ақысының қалыптасуын ашық әрі болжамды етуге;есептік көрсеткіштердің жыл сайынғы өзгерісінің ықпалын азайтуға;мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайтын жекеменшік мектептерде білім алуға тұрақты жағдай жасауға мүмкіндік береді.Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.