Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылықтарға қатысы бар тұлғалар мен компаниялардың арнайы тізімі жасалады. Оны қалыптастыру ережелерін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) бекітті. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылықтарға қатысы бар тұлғалар мен компаниялардың арнайы тізімі жасалады. Оны қалыптастыру ережелерін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) бекітті. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Мән-жайыТиісті бұйрыққа ҚМА төрағасы Жанат Элиманов қол қойды. Ведомство бұл тізімге экономика саласындағы заңсыз әрекеттерге қатысы барлар туралы мәліметтерді енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл шара "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңды іске асыру аясында енгізіліп жатыр.
Жаңа ережелер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 18 мамырдан бастап өз күшіне енеді.
Тізілімге кімдер енгізіледі?Агенттік тізімге енетін тұлғалардың негізгі үш тобын анықтады:
экономикалық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденген жеке тұлғалар; экономикалық құқықбұзушылықтар үшін кінәлі деп танылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері; экономикалық құқықбұзушылықтар жасау үшін пайдаланылған заңды тұлғалар.Мәліметтер Экономикалық тергеу қызметінің ресми сайтында қолжетімді болады.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Қандай мәліметтер жарияланады? Жеке тұлғалар үшін аты-жөні, туған күні, Қылмыстық кодекстің бабы және сотқа дейінгі тергеу жүргізген орган көрсетіледі. Заңды тұлғалар үшін – атауы мен БСН. Қаржы пирамидаларына қатысты істер бойынша жобаның атауы да көрсетіледі.Қызмет тізілімді әр тоқсан сайын жаңартып отырады.
Тізімнен қалай шығуға болады?Тізілімнен шығаруға негіз болатын жағдайлар:
соттылықтың жойылуы немесе алынуы; жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе әрекетке қабілетсіз деп танылуы; Азаматтық процестік кодекске сәйкес қабылданған заңды тұлғаны тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.Еске сала кетейік, 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бейінді заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын ұсынған болатын, оның аясында алғаш рет жемқорлардың жария тізілімін құру ұсынылды.
Кейінірек, 2025 жылғы қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов (қазіргі уақытта Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы – ред. ескертпесі) Мәжіліс отырысында бұл тізімнің негізгі мақсаты – қоғамдық айыптау арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру екенін мәлімдеді.
"Бұл – профилактикалық құрал. Тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізіледі. Тұлғаларды тізілімге енгізуге заңды күшіне енген айыптау үкімі негіз болады", – деді Сарқұлов 2025 жылғы 15 қаңтарда өткен отырыста.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу