7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті. Тиісті Қаулыға Олжас Бектенов қол қойды.
Жобаның мақсаты – 2030 жылға дейін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, индустрия мен цифрлық экономиканы қолдау. Жаңартылатын энергиямен толық қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан, 7,8 ГВт қуат көзін жаңарту және салу жоспарланған. Ірі нысандар: Екібастұз, Курчатов, Жезқазған, сондай-ақ Көкшетау, Семей, Өскемендегі ЖЭО-лар. Барлық жобалар заманауи, экологиялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылады, оның ішінде көмір стансалары қызметкерлері үшін «Отбасы банкімен» жеңілдетілген ипотека енгізіледі. Жобаның іске асуы отандық өндірісті дамытып, энергетикалық сектордың тұрақтылығын күшейтеді.