Қазақстанда жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру қызметтері айтарлықтай қымбаттады

02.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қаңтар-наурыз айларында елімізде 31,2 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылдың есепті кезеңіндегі көрсеткіштен 0,6%-ға жоғары екенін көрсетеді.

Бразилияда дәрігерлер «өлді» деп мәйітханаға жіберген қария жерлеу бюросында есін жиды

Соған қарамастан, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және оған байланысты қызметтер айтарлықтай қымбаттаған. Жылдың алғашқы тоқсанында бұл саланың көлемі 1,8 млрд теңгеге жеткен.Салыстырмалы түрде қарасақ, былтыр осы кезеңде көрсеткіш 837,9 млн теңгені құраған еді.

АҚШ-та қаза тапқан Қазақстан азаматының мәйіті елге жеткізілді

Өңірлер арасында бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе облысында тіркелді – мұнда қызмет құны бірден 20%-ға артқан. Сондай-ақ рәсімдер Жамбыл облысында 16,9%-ға, Қостанай облысында 15,6%-ға, ал Алматы қаласында 14,9%-ға қымбаттаған. Ал Ақмола, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары мен Астана қаласында рәсімдік қызметтердің бағасы өзгеріссіз қалып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке жүзігінің бағасы 45%-ға қымбаттағанын мәлімдеген болатын. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью