Қазақстанда жетімдер үйлерінде бала саны азайды

25.01.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жетімдер үйлерінде бала саны азайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр шамамен 3 мың жетім бала отбасыларға орналастырылды.

"Институционалдық емес көмекке көшу қарқыны соңғы 10 жылдың статистикасынан анық байқалады. Мәселен, осы кезеңде еліміздегі интернаттық ұйымдар желісі 24%-ға қысқарып, ондағы тәрбиеленушілер саны 54%-ға азайды", - делінген ресми хабарламада.

2025 жылдан бастап заңды өкілдерді іріктеу талаптары да күшейген болатын. Енді қамқоршылар міндетті түрде жыл сайын кешенді тексеруден өтеді. Сол кезде табыс көздері, денсаулық жағдайы, тұрғын үй жағдайының сәйкестігі мен соттылықтың болмауы тексеріледі.

"Кез келген тәуекел факторлары, оның ішінде заңды өкілдің сотқа тартылуы немесе психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерге есепке алынуы қамқоршылық міндетінен дереу шеттетуге негіз болады", - дейді министрлік мамандары.

Бүгінде тәлімгерлік институты да жүйелі түрде дамып келеді. Қазақстанның 20 өңірінде 360-тан астам тәлімгер бар. Былтыр олар үшін міндетті кәсіби сертификаттау енгізілген болатын. Дегенмен, баланың туыстық байланыстарын сақтау негізгі басымдық болып қала береді.

Сондықтан ең алдымен оны жақын туыстарына орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Айта кетері, қазіргі кезде республика бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар. Олардың басым бөлігі - 82 проценті отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью