Қазақстанда ЖІӨ өсімі биыл 5,5% ға жетеді деп болжанып отыр

18.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Евразия даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасы бойынша апта сайынғы макроэкономикалық шолуды жариялады.

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 2026 жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде 3,6%-ға дейін жеделдеді. Бірінші тоқсанда жылдық 3% өсім көрсеткен.

Негізгі өсім шикізаттық емес салаларда тіркелді:

құрылыс – 14,5%;

көлік және қоймалау – 12%;

өңдеу өнеркәсібі – 9,9%.

Өнеркәсіп өндірісі 2,1%-ға өсті, оның ішінде өңдеу секторы есебінен, соның ішінде:

машина жасау – 23,3%;

құрылыс материалдарын өндіру – 27,7%.

"Экономиканың өсуіне сауда (5,1%) мен ауыл шаруашылығы (3,6%) жақсы әсер етті. Мұнай секторы уақытша тежегіш фактор болып отыр: І тоқсан қорытындысы бойынша мұнай және газ конденсатын өндіру 19,8%-ға төмендеді. Экономикалық белсенділік одан әрі күшейеді және 2026 жылы ЖІӨ өсім 5,5% деңгейінде болады деп болжанды", - деп хабарлады ЕАБР сарапшылары.

Ресейде 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында федералдық бюджет тапшылығы 5,9 трлн рубльді (37,8 трлн теңге немесе 80,6 млрд доллар) немесе ЖІӨ-нің 2,5%-ын құрады.

"Бюджет жағдайының нашарлауына мұнай-газ кірісінің 38,3%-ға төмендеуі негізгі себеп болды. Бұл мұнай бағасының қаңтар-ақпан айларында төмен болуымен байланысты. Жалпы алғанда, мұнайдан тыс түсімдер 10,2%-ға артқанына қарамастан, бюджет кірісі жылына 4,5%-ға қысқарды", - деп атап өтті банк сарапшылары.

Энергия бағасының екінші тоқсанда жоғарылауына байланысты сарапшылар жыл соңына қарай Ресейдің бюджет жағдайы біртіндеп жақсарады деп болжады.

Беларусьте 2026 жылдың сәуірінде жылдық инфляция 5,4% деңгейінде болды. Азық-түлік инфляциясы 7,8%-дан 6,3%-ға дейін баяулаған.

Бұл негізінен маусымдық көкөніс пен жеміс бағасының төмендеуімен байланысты: сәуірде олардың бағасы жылына жыл 3,1%-ға төмендеген, ал наурызда 3,5%-ға өскен.

Сонымен қатар, қызмет көрсету саласында инфляция жеделдеп, 6,0%-дан 8,4%-ға жетті. Бұл тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерінің индексациясымен байланысты. Базалық инфляция төртінші ай қатарынан баяулап, наурыздағы 6,4%-дан 5,9%-ға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью