Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Борттағы жанжал немесе тексеруден бас тарту сапарды қиындатып қана қоймай, қонғаннан кейін бірден полициямен кездесу күтеді. Tengri Travel Азаматтық авиация комитетінен жолаушыны қандай жағдайда рейстен түсіріп тастап, тіпті қара тізімге енгізуі мүмкін екенін анықтады.
Борттағы жанжал немесе тексеруден бас тарту сапарды қиындатып қана қоймай, қонғаннан кейін бірден полициямен кездесу күтеді. Tengri Travel Азаматтық авиация комитетінен жолаушыны қандай жағдайда рейстен түсіріп тастап, тіпті қара тізімге енгізуі мүмкін екенін анықтады.
Билет не үшін керек?Азаматтық авиация комитеті жолаушыларды, багажды және жүктерді ұшақпен тасымалдау ережелері инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығымен реттелетінін еске салды.
Осы ережелер негізінде әуекомпаниялар халықаралық стандарттар мен Қазақстан заңнамасын ескере отырып, өздерінің ішкі қағидаларын қалыптастырады.
Ал әуе билеті заң бойынша жолаушы мен әуекомпания арасында әуе тасымалы туралы шарт жасалғанын және адамның оның шарттарымен танысқанын растайды.
Қандай жағдайда жолаушыны рейстен түсіруі мүмкін?Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, тасымалдаушы бірнеше негіз бойынша ұшуға рұқсат бермеуге құқылы.
Атап айтқанда, жолаушы рейске жіберілмеуі мүмкін, егер ол:
әуе кемесіне отырғызар алдында тексеруден өтуден бас тартса; ережелерді бұзса және (немесе) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер жасаса; алкоголь, есірткі немесе уытты мас күйде болса және бұл оның өз денсаулығына немесе борттағы адамдар мен мүліктің қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, сондай-ақ басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызса; ұшақ бортындағы міндеттерін орындамаса; бұрын әуекомпания шектеу қойған адамдар тізіліміне енгізілген болса.Комитет өкілдері мас күй тек қызметкерлердің субъективті бағасымен емес, медициналық куәландырумен расталуы тиіс екенін айтты.
"Қара тізім" деген не?Егер жолаушы ережені өрескел бұзса, әуекомпания оны ұшуға шектеу қойылған адамдардың арнайы тізіліміне енгізуі мүмкін.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл - ішкі қара тізім.
Азаматтық авиация комитетінің өкілдері бір құқықбұзушылық үшін адамды бірдей тәсілмен екі рет жазалауға болмайтінін түсіндірді.
Аяғы ауыр әйелдерге арналған ерекше ереже"Егер бұрын тасымалдаушының бастамасымен әуе тасымалы шарты бұзылған болса, сондай-ақ жолаушы әуекомпанияның ұшуға шектеу қойылған адамдар тізіліміне енгізілмеген жағдайда, жолаушының әрекеттері үшін әуекомпанияның бастамасымен әуе тасымалы шартын қайтадан бұзуға жол берілмейді", - деп хабарлады комитет.
Жекелеген шектеу аяғы ауыр жолаушыларға қатысты.
Соңғы сөзді әуе кемесінің командирі айтады"Әуекомпания аяғы ауыр әйелдерді, тіпті дәрігерлік-консультациялық комиссияның №026/у қорытындысы болса да, босану мерзімі алдағы 7 күн ішінде күтілсе, тасымалдаудан бас тартады", - деді ведомство өкілдері.
Даулы жағдайда негізгі рөлді әуе кемесінің командирі атқарады.
Дәл осы адам борттағы адамдардың қауіпсіздігіне жауап береді және барлық жолаушы мен экипаж үшін міндетті шешімдер қабылдауға құқылы.
"Әуе кемесінің командирі ұшуды басқарса да, басқармаса да, ұшу және әуе кемесін пайдалану ережелерінің сақталуын, борттағы тәртіпті, мінез-құлық қағидаларын қамтамасыз етеді, сондай-ақ борттағы адамдардың қауіпсіздігін, әуе кемесінің, жүктің және мүліктің сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды", - деп хабарлады ведомство.
Азаматтық авиация комитеті командирдің бұйрығы барлық адам үшін міндетті екенін ескертті.
"Әуе кемесі командирінің бұйрықтары борттағы барлық адам үшін міндетті. Ол ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты барлық ереженің сөзсіз орындалуын талап етеді және өз құзыреті шегінде борттағы кез келген адамға тиісті нұсқаулар береді", - деді комитет өкілдері.
Капитан не істеуге құқылы:
Күш қолдану. Егер бортта тәртіп бұзушы болса, командир кез келген шараны, соның ішінде физикалық күш пен арнайы құралдарды (мысалы, пластик кісендер) қолдана алады. Кез келген жерде түсіру. Капитан тәртіп бұзушыны полицияға тапсыру үшін жақын әуежайға шұғыл қона алады. Жеке тексеріс жүргізу. Егер ұшып шығу әуежайында қауіпсіздік қызметі болмаса, әуе кемесінің командирі жолаушылар мен багажды өзі тексере алады. Жанар-жағармайды төгу және багажды тастау. Төтенше жағдайда ұшақты сақтау үшін капитан артық салмақтан, соның ішінде сіздің чемоданыңыздан да құтыла алады.Капитанның сәтті ұшып, борттағы адамдарды қорғау үшін қажет деп санайтын кез келген әрекетті жасауға құқығы бар.
Егер келіспесеңіз не істеу керек?Егер жолаушы өзін рейстен заңсыз түсірді деп есептесе, ол әуекомпанияның әрекеттеріне немесе борт командирінің шешіміне заңнамаға сәйкес шағымдана алады.
"Әуекомпания өкілі жолаушыны ұшақтан түсіргенде немесе отырғызудан бас тартқанда, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі мен желілік полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылады", - деп қосты комитет.
Одан кейін жолаушыны тексеру үшін полиция қызметкерлеріне тапсырады. Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, тек 2025 жылдың өзінде Қазақстан әуе желілерінде тәртіп бұзған жолаушыларға қатысты 974 жағдай тіркелген.
Айта кетейік, борттағы төбелес пен төтенше жағдайлардан кейін қазақстандықтар "ұшақтар салонына камера қажет пе?" деген сұрақ қоя бастады. Комитет мәліметінше, ИКАО халықаралық стандарттары жолаушылар салонында бейнебақылау орнатуды талап етпейді. Әуекомпаниялар камера орнату-орнатпау мәселесін өздері шешеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться