Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Маңғыстауда жолды тиісті деңгейде күтіп ұстамау дерегі бойынша Қазақстандағы алғашқы үкім шықты. Бес адам қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық істі Бейнеу аудандық соты қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық тасжолдағы апат

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" тасжолында болды. Көктайғақ салдарынан Yutong жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, аударылған. Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алды.

Бастапқыда Көлік министрлігі төрт адамн қаза таауып, үш жолаушы зардап шеккенін хабарлаған болатын, алайда кейін өңірлік полиция департаменті басқа деректерді жариялады.

Тергеу және сот

Тергеуді Бас көлік прокуратурасы арнайы прокурорлары жүргізіп, қайғылы оқиғаға жолды қысқы мезгілде тиісті деңгейде күтіп ұстамау себеп болғанын анықтады. Тергеу амалдары жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі мен салдар арасында тікелей себеп-салдарын дәлелдеді.

"Бұл - Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесіндегі, автомобиль жолын қыста тиісінше күтіп ұстамау адамдардың өлімі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болған тұңғыш қылмыстық іс", - деп хабарлады прокуратура.

Сот үкімімен "ҚАЖСервис" ЖШС Маңғыстау облыстық филиалы ДЭУ-57 бастығы Қылмыстық кодекстің 353-бабының 4-бөлігі ("Көлiктегi қолданыстағы қағидаларды бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу") бойынша кінәлі деп танылды. Ол 2,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью