Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Еңбек министрлігі жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді тиімді байланыстыру мақсатында Электронды еңбек биржасына жасанды интеллект технологиясын енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңа жүйе үміткерлердің дағдылары, жұмыс тәжірибесі және кәсіби біліктілігі негізінде бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктейді.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Николай Брюхановтың айтуынша, қазіргі еңбек нарығында жұмыс берушілер дипломнан бұрын адамның нақты қабілеті мен тәжірибесіне назар аударады. Осыған байланысты платформаға кәсіби және икемді дағдыларды ескеретін Дағдылар банкі енгізілген.
Сонымен қатар платформа Skills.Enbek.kz жүйесімен біріктірілді. Енді пайдаланушылар өткен курстары мен алған сертификаттары туралы мәліметтерді автоматты түрде өз профилінде көрсете алады.