Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстандағы барлық өңірлік наркологиялық орталықтарда кешенді тексеру басталады. Бұған жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жіберілген заңбұзушылықтар себеп болған. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл мәселе бойынша арнайы кеңес өткізді.
Кеңес барысында азаматтардан түскен шағымдар, депутаттық сауалдар және жүргізушілердің алкогольдік масаң күйін анықтау кезінде бекітілген ережелердің сақталмауына қатысты нақты фактілер қаралды.
Жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілген шикіліктерден кейін ведомство басшысы шұғыл тапсырмалар жүктеді.
Кінәлілер құқық қорғау органдарына тапсырыладыМинистр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне елдегі барлық өңірлік наркологиялық орталықтардың жұмысын жіті тексеруді бұйырды. Негізгі мақсат — қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру тәртібінің қаншалықты дұрыс сақталып жатқанын анықтау.
«Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, барлық материалдар қолданыстағы заңнама шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі», — деп ескертті Ақмарал Әлназарова.Ереже қайта қаралады
Тексеріспен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін министрліктің тиісті бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуді бастады.
Жаңа өзгерістер мына мақсаттарды көздейді:
Рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын арттыру;Жүргізушілер мен жалпы азаматтардың құқықтарын қорғау;Сараптама кезінде туындайтын даулы жағдайлардың алдын алу.Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені өздерінің ерекше бақылауына алғанын мәлімдеді.
Бүгін, 10:47