Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерістер жалғасып жатыр. Қаңтарда 73 стоматологияның жұмысы уақытша тоқтатылса, қазір 140-тан астамы жабылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерістер жалғасып жатыр. Қаңтарда 73 стоматологияның жұмысы уақытша тоқтатылса, қазір 140-тан астамы жабылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, ел бойынша 456 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. 5 ақпандағы жағдай бойынша, оның 313-і аяқталған, тоғызы тіркеу сатысында, ал бір тексеріс әлі жалғасып жатыр.
Комитеттің хабарлауынша, тексеріс қорытындысында 143 клиника жұмысын тоқтатқан.
Ең көп тоқтатылған өңірлер:
Атырау облысы - 54 стоматология; Алматы - 26; Ақтөбе облысы - 12; Астана - 11; Қызылорда облысы - 10. Миллиондаған айыппұлТексеріс нәтижесінде клиникаларға жалпы сомасы шамамен 75 миллион теңге айыппұл салынған. Түрлі заңбұзушылықтар бойынша 476 әкімшілік хаттама толтырылған, оның ішінде:
Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет - 140 хаттама (3,1 млн теңге); Лицензиялау талаптарын бұзу - 62 хаттама (8,6 млн теңге); Фармацевтикалық қызмет пен дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар айналымы ережелерін бұзу - 84 хаттама (19,3 млн теңге); Медициналық көмектің стандарттарын өрескел бұзу - 70 хаттама (3,9 млн теңге).Ведомство мәліметінше, тіркелмеген немесе қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату, пайдалану немесе жарнамалау бойынша 13 жағдай анықталған. Бұл бойынша айыппұл көлемі 6,8 млн теңгеге жеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!