Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Оның айтуынша, мұндай өсім денсаулық сақтау жүйесіндегі жүйелі реформалар мен жоғары технологиялық медицинаның дамуының нәтижесі.
– 2005 жылы елімізде жылына небәрі 80–90 жүрек операциясы жасалатын. Қазір бұл көрсеткіш 90 мыңнан асты. Бұл – саланың сапалық жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын көрінісі, – деді ол.
Сонымен қатар қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім айтарлықтай төмендеген. Егер 2005 жылы қайтыс болғандардың 51,5%-ы инфаркт пен инсульт салдарынан көз жұмса, бүгінде бұл көрсеткіш 22,5%-ға дейін азайған.
Саладағы маңызды жетістіктердің бірі – Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың ашылуы. Бұл онкологиялық көмектің сапасын арттырып, заманауи емдеу тәсілдерін енгізуге мүмкіндік берді.
– Соңғы 20 жылда қалыптасқан денсаулық сақтау моделі бүгінде халықаралық талаптар мен сапа стандарттарына толық сәйкес келеді, – деді спикер.
Айта кетейік, Үкіметтің шешімімен Қазақстанда денсаулық сақтауды дамытудың тұжырымдамасы 2029 жылға дейін ұзартылды. Құжатта қоғамдық денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және халықтың өмір салтын жақсарту негізгі басымдық ретінде айқындалған.