Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар жиі ажырасып, некеге аз тұра бастады, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Өткен жылы 114,5 мың неке тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда шамамен 8%-ке аз.
Ал ажырасу саны 12%-ке өскен. Өткен жылы 45 мыңнан астам неке бұзылды.
Қазақстандағы әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады. Егер үш жыл бұрын 100 некеге 14 ажырасу болса, өткен жылы 40-қа жуық болған.
"Бұл модернизацияның нәтижелері, бұл қазіргі заманның қозғалысы, әлемдік үрдіс. Меніңше, онымен күресудің қажеті жоқ. Адамдар кейінірек жетіліп, сәйкесінше кейінірек үйленеді", - дейді Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Құралай Мұхамбетова.
Маңызды факторлардың бірі - елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай. Төмен жалақы, жұмысқа орналасу проблемасы бар және қол жетімді баспана тапшы. Бұл ретте баспаналы болу да басты мәселе болып отыр.