Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бизнес иелеріне корпоративтік көлікке арналған мемлекеттік нөмірлерге тапсырыс берудің онлайн-қызметі қолжетімді болды, деп хабарлайды Tengri Auto "ҰАТ" АҚ-на сілтеме жасап.
Бизнес иелеріне корпоративтік көлікке арналған мемлекеттік нөмірлерге тапсырыс берудің онлайн-қызметі қолжетімді болды, деп хабарлайды Tengri Auto "ҰАТ" АҚ-на сілтеме жасап.
Порталда "Заңды тұлғаларға арналған автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру" қызметі іске қосылды. Сондай-ақ ол eGov Business мобильді қосымшасының басты бетінде пайда болады.
Бұған дейін мемлекеттік нөмірге онлайн тапсырысты жеке тұлғалар ғана бере алатын.
Заңды тұлғалар мемлекеттік нөмірге қалай тапсырыс бере алады?eGov.kz порталында мемлекеттік нөмірге тапсырыс беру үшін келесі әрекеттер қажет:
eGov.kz порталында авторланудан өту; "Азаматтарға" – "Көлік және коммуникациялар" – "Автомобиль көлігі" бөліміне өту; "Автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру" қызметін таңдау; қалаған нөмір мен комбинацияны таңдау; барлық міндетті жолдарды толтыру (облысты, нөмір берілетін ХҚКО-ны және нөмір түрін таңдау); мемлекеттік баж салығын төлеу; өтінімді қол қою құқығы бар ЭЦҚ-мен растау.Дайын нөмірді рәсімдеу кезінде көрсетілген ХҚКО-дан алып кету керек. Бұл ретте нөмір иесіне ХҚКО-да мемлекеттік нөмірді алғаннан кейін ғана бекітіледі.
Сондықтан автокөлікті сатып алу немесе қайта тіркеу кезінде нөмірдің дайын екеніне алдын ала көз жеткізу маңызды.
Қанша уақыт күту керек?Ереже бойынша мемлекеттік нөмірлер Астана мен Алматыда 5 жұмыс күні ішінде, ал облыстар мен Шымкентте 15 жұмыс күніне дейін беріледі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу