Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстанның ірі банктерінен теңге бағамының нығаюына байланысты доллар тапшылығы туралы ақпарат сұрады.
Банктердің жауабы мынандай:
"Банк ЦентрКредит": "Барлық айырбастау операциясында ешқандай шектеу жоқ. Біз жеке адамдар арасында да АҚШ долларын сатып алуға қатысты мәселе туындағанын байқамадық. Барлығы алдағы мерекені ескере отырып, стандартты сұраныс шеңберінде орындалып жатыр".
"Халық банкі": "Тапшылық туралы ақпарат болған жоқ. Валюта айырбасталып жатыр".
"Еуразиялық банк": "Бізде дүрбелең жоқ, доллар айырбасталып жатыр".
Бұған дейін кейбір қазақстандық БАҚ банктердің доллар беруді тоқтатқаны туралы хабарлаған болатын.
5 желтоқсандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE-те доллар бағамы 504,49 теңге.