Қазақстандағы ең бай зейнеткер қаңтарда қанша алды?

26.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қаңтардағы ай сайынғы төлемдердің мөлшері аталды. Қор мәліметінше, зейнетақының көлемі тікелей жинақталған қаражат мөлшері мен жүйеде қатысу ұзақтығына байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

"Төлемнің максимал мөлшеріне шектеу жоқ: жинақталған қаражат көлемі неғұрлым көп болса, жинақтаушы зейнетақының мөлшері соғұрлым жоғары болады", - делінген БЖЗҚ-ның Tengrinews.kz ресми сұрауына берген жауабында.

2026 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша, ай сайынғы төлемдер 32 360 теңгеден 900 мың теңгеден аса сомаға дейінгі аралықта болған.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстандағы ең үлкен жинақтаушы зейнетақы ай сайын 900 мың теңгеден асады.

Контекст

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 1 ақпанда Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атаған болатын.

"Орташа жинақталған зейнетақы мөлшері 157 843 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге", - делінген министрлік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью