Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстанның таулы жерлеріндегі ең биік көпір мен 600 шақырымға жуық жол салынып жатыр, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Осиновка асуын айналып өтетін автомобиль жолына реконструкция жасалып жатыр. Жаңа учаске көптеген жылдар бойы шығыстағы ең қауіпті жолдардың бірі саналған. Жоба аясында жыл бойы қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ететін III техникалық санатты заманауи екіжолақты жол салынып жатыр.
© Photo : Көлік министрлігіҚазақстандағы ең биік тау көпірінің құрылысы қашан аяқталады
Қазақстандағы ең биік тау көпірінің құрылысы қашан аяқталады
© Photo : Көлік министрлігі
Бұдан бөлек Пихтовка өзені арқылы өтетін ұзындығы 175 метр, тіректерінің биіктігі 45 метр көпір құрылысы іске асып жатыр.
"Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл нысан Қазақстанның таулы жердегі ең биік көпірге айналады. Қазіргі уақытта сегіз тіректің алтауының құрылысы аяқталды, қалған конструкцияларды тұрғызу жұмыстары жалғасып жатыр. Көпір бойымен қозғалысты ашу осы күзде жоспарланып отыр", - дейді министрлік.
Сондай-ақ "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнарлары" автомобиль жолында ұзындығы 165 шақырым болатын бес учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 110 шақырым жаңа асфальтбетон жабыны төселді.