Қазақстандағы ең қауіпті тасжолдар аталды

06.11.2025

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2025 жылы жиі жол апаты болып, адамдар қаза тапқан тасжолдар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

2025 жылы жиі жол апаты болып, адамдар қаза тапқан тасжолдар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, жол апаты туралы дерекке тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіп отырылады.

Оған сүйенсек, тоғыз ай бойынша тізімде мына учаскелер бар:

РФ шекарасы (Жайсан бекеті) - Мәртөк - Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент (солтүстік айналма жолымен) - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - (Нұр жолы бекеті) - 109 адам қаза тапқан; Астана - Қарағанды тасжолы (айналма жолмен) - Алматы - 85 адам қаза тапты; Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха тасжолы - Ресеймен мемлекеттік шекара (Үбі өткізу бекеті) - 55 адам қаза тапқан; Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай тасжолы (айналма жолмен) - Ресеймен мемлекеттік шекара (Қайрақ өткізу бекеті) - 28 адам қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью