Қазақстандағы ең қымбат балабақша қай қалада?

07.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. 2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер қызметінің орташа бөлшек бағасы айына 30 мың теңге болды, деп хабарлады Ranking.kz.

Бұл санатқа балабақша, бөбекжай, үйірме, секция, түзету орталығы және тағы басқа қызметтер кіреді.

"Ең қымбат қызмет Алматы қаласында тіркелді: айына 38,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 27%-ға қымбат. Баға жағынан екінші орында Астана: 36 мың теңге – орташа деңгейден шамамен 20% жоғары. Үштікті Қостанай түйіндеді: мұнда 36 мың теңгеге жуық, республика бойынша орташа мәннен 19,4% жоғары", - деп жазды портал.

Ең қымбат қалалар қатарында сондай-ақ Өскемен (35,7 мың теңге) және Павлодар (33,1 мың теңге) бар.

Ал ең арзан қызмет Түркістан облысында көрсетілді: айына 12,7 мың теңге, бұл Алматымен салыстырғанда 66,7% төмен. Салыстырмалы түрде төмен баға Тараз (19,3 мың теңге) және Қызылорда (19,4 мың теңге) қалаларында тіркелді.

Барлық мәлімет Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының ресми деректерінен алынған. Ал жеке балабақшалардағы қызмет бағасы әлдеқайда жоғары болатыны анық.

2026 жылдың ақпанында республика бойынша орташа бөлшек баға 10% өсті. Ең көп Өскеменде қымбаттады: бір жылда 40%. Сондай-ақ мына қалаларда баға айтарлықтай өскен:

Семей – 33,2%

Қонаев – 24,1%

Петропавл – 19,1%

Талдықорған – 18,2%

Тараз – 18%.

Сонымен бірге, 20 ірі қаланың жетеуінде баға өсімі республика бойынша орташа деңгейден төмен болды, 4 қалада жыл ішінде жағдай өзгерген жоқ, ал Қарағандыда баға сәл төмендеді: 0,5%.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью