Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті

22.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Алғабас ауылындағы сұмдық өрт пен Астанада фельдшердің қаза болуына қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми хатты ДДСҰ-ның Еуропалық бюросының жетекшісі Ханс Клюге жолдаған.

– Адамдарды құтқару міндетін атқару кезінде Астанада жас медицина қызметкерінің қаза болуына байланысты шынайы көңіл білдіремін.

Түркістан облысының Алғабас ауылында 9 баланы қоса алғанда, үлкен отбасының қаза болуына байланысты Қазақстанға аса қайғырып көңіл айтамыз. Балалардың өрттен қаза болуы – аса ауыр қайғы, жақындарының қандай қасірет шеккенін елестету мүмкін емес. Қажет болған жағдайда ДДҰ көмек көрсетуге дайын, – деп жазды ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью