Қазақстандағы инвестицияның 86% ы бюджеттен тыс қаражат есебінен салынды

20.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда негізгі капиталға 13,5 триллион теңгеден астам инвестиция салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% жоғары.

Инвестиция құрылымында бюджет қаражатының үлесі азайып келеді. 2024 жылы оның үлесі 21,6% болса, 2025 жылы 21,5%-ды құрады. Ал биылғы қаңтар-тамызда 14%-ға дейін төмендеді.

Осылайша, инвестицияның 86%-ы бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырылды. Оның 66,7%-ы кәсіпорындардың меншікті қаражатына тиесілі. Банк несиелерінің үлесі – 5,6%, өзге қарыз қаражатының үлесі – 13,7%.

Салалар бойынша ең жоғары өсім энергетикада тіркелді. Бұл салаға салынған инвестиция 49,3%-ға артты. Ақпарат және байланыс саласында өсім 45,3%, өңдеу өнеркәсібінде 39,9%, ауыл шаруашылығында 17,6% болды.

Ал 2025 жылдың қорытындысында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 23,5 триллион теңгеге жетіп, нақты өсім 16,7%-ды құрады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью