Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ІІМ мәліметіне сүйенсек, тек биылдың өзінде полицейлер ірі көлемде шығын келтірілген төрт ұрлықты ашты. Мәселен, 7 мамыр күні Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп компания аумағынан жанармай ұрлауға байланысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді.
Жедел іс-шаралар барысында ұрлықты ұйымдастырды және кейін жанар-жағармай материалдарын сатумен айналысты деген күдікке ілінген тұлғалар ұсталды. Олардан тәркіленді:
бір тоннадан астам жанармай, ірі көлемдегі қаражат, көлік құралдары, оқ-дәрілері бар қару,заңсыз схемада пайдаланылған өзге де заттай дәлелдемелер."Тергеу барысында ұрлық арнайы техникаға жалған жанармай құю және құжаттарды қолдан жасау арқылы жүзеге асырылғаны анықталды. Сонымен қатар күзет құрылымдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан көмек көрсету факілері де әшкереленді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Қырғызстан билігі қарапайым халыққа Қазақстанда неліктен бензин бағасы төмен екенін түсіндіріп бергенін жазғанбыз.