Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: istockphoto.com
Министрлік мәліметінше, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) көпірлерді жобалау, цифрландыру және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру бағытында Польшаның жетекші салалық ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізген.
Болашаққа бағдарланған білім: Қазақстан білім инфрақұрылымы бойынша ЕАЭО-да қалай көш бастады?
Жаңа келісімдер заманауи инженерлік шешімдерді енгізуге және Қазақстандағы көпір инфрақұрылымының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
«Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Instytut Badawczy Dróg i Mostów – Польшаның Автомобиль жолдары мен көпірлер ғылыми-зерттеу институтымен әріптестікті дамыту болмақ. Тараптар Қазақстанның климаттық, геологиялық және пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, көпір құрылыстарының типтік конструкцияларын қолдану бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді, пилоттық жобаларды бірлесіп іске асыруды және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді жоспарлап отыр», делінген хабарламада.
Сондай-ақ ҚазжолҒЗИ көпірлерді жобалауға маманданған Mosty Gdańsk Sp. z o.o. компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Құжат аясында тараптар BIM-технологияларын енгізу, цифрлық модельдер әзірлеу, көпірлерді жобалау және техникалық-сараптамалық қолдау көрсету бағытында бірлескен жобаларды іске асырады.
Жобалау жұмыстарының барлық кезеңінде ақпараттық модельдеу (BIM) технологияларын қолдануға басымдық беріледі. Бұдан бөлек, тараптар көпірлердің техникалық жай-күйін бақылау мен диагностикалаудың заманауи әдістерін енгізуді, сондай-ақ сала мамандарын оқыту және олардың біліктілігін арттыру бағытында да бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Астананың инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
ҚазжолҒЗИ мәліметінше, халықаралық ынтымақтастық әлемдік озық тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеуге, көпірлерді салу сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Олжас Бектенов биыл еліміздің барлық аймақтарда әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салу бағдарламасы жүзеге асырылатынын айтқан еді.