Қазақстандағы МРТ мен КТ: өңірлерде қызмет құны қанша

25.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Компьютерлі топография — адам ағзасындағы белгілі бір дене мүшесін тексеруге мүмкіндік беретін заманауи зерттеу әдістемесі. КТ-ға түсіргенде көбіне ішкі ағзаны, тамыр мен тінді, сонымен бірге сүйек, тыныс алу мүшесі мен кеуде қуысын зерттейді. Рентген түсіріліміне қарағанда КТ-ның ауқымы кең.

Магнитті-резонансты томография кезінде магниттік өрістер мен радиотолқынды пайдалану арқылы түсірілім жасалады. Тексеру кезінде жұмсақ тіндердің өзгерісін егжей-тегжей көруге болады.

Дәрігерлер КТ мен МРТ-ны көбіне нақты бір ағзаны, дене мүшесін зерттеуге қолданады. КТ кезінде өкпе, тамыр, құрсақ қуымы, омартқа мен миды зерттейді. Ал МРТ-ға ми, омыртқа, түрлі қан тамыры мен құрсақ қуысын түсіреді.

КТ қызметінің бағасы

КТ қызметінің кең тараған түрі – кеуде қуысы, яғни өкпені зерттеу. Рейтинг жасау кезінде тексерудің осы түрі негізге алынды. Оның контрастты және контрастты емес түрі бар. Екіншісі арзанырақ. Контрастты КТ екіншісіне қарағанда неғұрлым дәл көрсетеді. Біз арзан зерттеу әдісін, яғни котрастты емес нұсқасын таңдадық.

Ең арзан КТ қызметі Қарағандыда көрсетіледі. Бағасы 10 мың теңгеден басталады. Әрі қарай Ақтау, Талдықорған, Петропавл, Орал, Семей мен Шымкент қалалары тұр. Мұнда 12 мың теңгеге КТ-ға түсуге болады. Сонымен бірге еліміздің астанасында тексерудің бұл түріне баға 12 400 теңгеден басталады.

Ал Тараз бен Түркістан қалаларында баға сәл жоғары. Қызмет құны 13 000 теңге және одан қымбат. Алматы қаласында медициналық қызметтің бұл түрі кең тараған, ұсыныс көп. Мұнда ең арзаны – 13 500 теңге. Павлодардағы қызмет құны - 13 800 теңге.
Атырау қаласында 3D түсірілімін жасау қызметінің бағасы – 14 800 теңге. Ең арзаны бұл. Ақтөбе қаласында 15 750 теңге болып тұр. Көкшетау қаласында да баға осы шамалас. Дәлірек айтқанда 16 мың теңгеден басталады.

Қостанай мен Өскемен қалаларында КТ-ға түсіру қызметінің бағасы 18 мың теңгеден басталады. Қызылордада өкпеті КТ-ға түсірген адамдар 20 мың теңге төлеп жүр. Еліміз бойынша Жезқазған қаласында қызметтің бұл түрі қымбат. КТ табу қиын, болған күннің өзінде бағасы – 31 750 теңге.

Инфографика: Kazinform

МРТ қызметінің құны

МРТ қызметінің құнын салыстырған кезде миды түсіруге қанша қаржы қажет екенін білдік. Контрастты МРТ-ға түсірер алдында бояғыш зат салады. Контрастсыз түрі әдетте арзан келеді.

Миды МРТ-ға түсіру Семей қаласында арзан. Мұнда адамдар 13 500 теңге төлейді. Содан кейін Көкшетау мен Шымкент қалалары тұр. Қызмет құны 15 мың теңгеден басталады.

Қызылорда қаласында тексеру құны – 16 мың теңге. Ал Алматыдағы жоғары бәсекелестік бағаға өз әсерін тигізеді. МРТ-ға түсу құны 16 900 теңгеден басталады.

Еліміздің оңтүстік астанасына қарағанда Талдықорған қаласында баға жоғары. Қызмет ақысы 17 мың теңгеден басталады. Ал Павлодарда – 17 500 теңге, Ақтөбеде – 17 850 теңге.

Қызмет ақысы 20 мың теңгеге жуықтайтын екі қала бар. Петропавлда 18 мың теңгеден, ал Оралда 19 мың теңгеден басталады. Қарағанды, Тараз, Атырау мен Астанада адамдар 20 мың теңге және одан жоғары төлейді.

Өскемен қаласында МРТ-ға түсу қызметінің бағасы 22 мың теңгеден басталады. Қостанай мен Түркістанда кем дегенде 24 мың теңге төлейді. Ең жоғары баға Ақтау мен Жезқазғанда тіркелді. Қызмет құны 25 мың теңге және одан жоғары.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қалаларындағы педиатр қабылдауының құны, анализ талдауының бағасы жазылды. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью