Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстанда тұтынушылық несиелендірудің өсуі қаржылық реттеушілер тарапынан шектеу шаралары енгізілгеннен кейін баяулай бастады. Сонымен қатар бизнесті несиелендіру жоғары қарқынмен өсуін жалғастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда тұтынушылық несиелендірудің өсуі қаржылық реттеушілер тарапынан шектеу шаралары енгізілгеннен кейін баяулай бастады. Сонымен қатар бизнесті несиелендіру жоғары қарқынмен өсуін жалғастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ұлттық банк басшысынан халық пен бизнестің несиеге белшесінен батуы аясында ресми статистика қаншалықты шынайы екенін, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
Сүлейменовтің айтуынша, кейінгі үш-төрт жыл ішінде халыққа берілген несиелер жыл сайын шамамен 30 пайызға өсіп отырған. Осыған байланысты Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс өсуін шектеу үшін бірқатар шара қабылдады.
"Біз тұтынушылық несиелендірудің шектен тыс өсуін тежеуге бағытталған бірқатар шара қабылдадық. Атап айтқанда, халыққа берілетін несиелерге қатысты секторлық контрциклдік капитал буферін енгіздік", - деді Сүлейменов.
Бұдан бөлек, тұтынушылық қарыздардың мерзіміне қойылатын талаптар күшейтілді. Ұлттық банк басшысының сөзінше, бұған дейін мұндай несиелер 5, 7, тіпті 9 жылға дейін беріліп келген, бұл ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға және жекелеген шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік берген.
Сондай-ақ салықтық шаралар да қабылданды. Енді банктердің халықты несиелендіруден түсетін кірістеріне 25 пайыздық мөлшерлемемен салық салынады, ал бизнеске берілетін несиелер бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 20 пайыз деңгейінде сақталды.
"Осылайша, банктерде халықтан гөрі бизнесті көбірек несиелендіруге қосымша ынта пайда болады", - деп атап өтті Сүлейменов.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде бұл шаралар нәтиже беріп жатыр. Тұтынушылық несиелердің өсімі шамамен 10 пайызға дейін азайды, ал бизнесті несиелендіру шамамен 18 пайыз қарқынмен артып келеді.
Бұған дейін Қазақстанда несиелер мен депозиттер бойынша мөлшерлемелердің өзгеретіні хабарланған болатын. Бұл базалық мөлшерлеменің төмендеуімен байланысты.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу