Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 490,21 теңгеге тең болды, бұл өткен күнмен салыстырғанда 5,12 теңгеге жоғары. Ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін - 484,78 теңге.
kurs.kz деректері бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 490 теңгеден сатылып, 488,5 теңгеден сатып алынып жатыр. Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы 492 теңгеге, сатып алу бағамы 485 теңгеге тең.
Еске салайық, 5 маусымда Қазақстанда кейінгі екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендетілді. Мөлшерлеме жылдық 18,0 пайыздан +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен 17 пайызға дейін төмендетілді.
Кейінірек Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамына қалай әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап берді.