Қазақстандағы шетелдік бизнес: Қытай мен Өзбекстан көш бастап, Ресей үлесі азаюда

19.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Соңғы бір жыл ішінде Қазақстан нарығына қызығушылық танытқан шетелдік заңды тұлғалардың саны айтарлықтай өсті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, елімізде шетелдік меншік нысанындағы заңды тұлғалар мен филиалдардың саны 64 423-ке жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен (59 695 бірлік) салыстырғанда айтарлықтай өсімді көрсетеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Нарықтағы жалпы өсім негізінен Қытай мен Өзбекстан капиталдарының белсенділігімен байланысты. Статистикалық мәліметтерге үңілсек, көршілес елдердің Қазақстан экономикасына деген сенімі арта түскені байқалады.

Қытай көшбасшылық орында. Компаниялар саны 5 378-ден 8 392-ге дейін артып, 56%-дық рекордтық өсім көрсетті.
Өзбекстан белсенділігі бойынша екінші орында. Көрші елдің компаниялары 43,6%-ға (5 915-тен 8 491-ге дейін) көбейді.
Әзербайжан тұрақты өсім байқалады - компаниялар саны 6%-ға артып, 1 531-ден 1 624-ке жетті.

Германия Еуропалық инвесторлар арасында өсім сақтаған санаулы елдердің бірі. Олардың саны 941-ден 957-ге дейін ұлғайды.
Кейбір елдердің меншігіндегі заңды тұлғалардың саны, керісінше, азаю үстінде. Бұл геосаяси жағдайларға немесе бизнес стратегияларының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

Елдер

2024 жыл

2025 жыл

Динамика

Ресей

23 231

22 771

 төмендеген

Түркия

5 240

5 024

 төмендеген

Қырғызстан

3 110

2 800

 төмендеген

Украина

1 319

1 265

төмендеген

Беларусь

916

906

 төмендеген

Оңтүстік Корея

880

866

 төмендеген

Қазақстанның шетелдік бизнес картасында Ресей әлі де заңды тұлғалар саны бойынша бірінші орында тұрғанымен, оның үлесі біртіндеп қысқарып келеді. Оның орнын Қытай мен Өзбекстаннан келген кәсіпкерлер қарқынды түрде толтыруда.
Бұл тенденция Қазақстанның экономикалық бағытындағы трансформацияны көрсетеді.
 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью