Қазақстандағы шулы көліктер: полиция жүргізушіні құлақпен естіп жазалай ала ма

09.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда көліктен шығатын тым қатты дыбыс (выхлоп) үшін жүргізушілер жауапқа тартылуы мүмкін. Tengri Auto шудың қандай деңгейіне рұқсат етілгенін, патрульдік полицияның шу өлшегіш құралы болуы тиіс пе және өлшеусіз айыппұл салуға бола ма деген сұрақтарды анықтап көрді.

Автокөлік шуының қандай деңгейіне рұқсат етілген?

Пайдаланылған газдардың рұқсат етілген шу деңгейі көлікке байланысты болады. ІІМ ресми сауалға берген жауабында егер өндіруші нақты бір көлік үшін шу нормасын белгілесе, оны 5 децибелден асыруға болмайтынын түсіндірді.

Егер мұндай мәліметтер жоқ болса, келесі нормалар қолданылады:

96 дБА - жеңіл автомобильдер, жеңіл жүк көліктері мен мотоциклдер үшін; 98 дБА - орташа жүк көліктері мен автобустар үшін; 100 дБА - ауыр жүк көліктері мен автобустар үшін.

Бұл ретте көрсетілген мәндер автокөліктің жол қозғалысы кезіндегі жалпы шу деңгейіне емес, дәл газ шығару жүйесінің шу деңгейіне қатысты.

Осылайша, заңнамада "кез келген көлік үшін 100 дБА" деген сияқты әмбебап көрсеткіш бекітілмеген.

Шу өлшегіш қашан қажет?

Егер автокөлік шуының рұқсат етілген деңгейден асып кетуіне күдік туындаса, оның техникалық жай-күйін тексеру қажет. Нормативтен асып кетуді растау үшін шу өлшегіш құралдың көмегімен өлшеу жүргізіледі.

"Шу деңгейін аспаппен анықтау үшін белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкес келетін шу өлшегіш қолданылады. Бұл ретте заңнамада барлық полиция бөлімшесі пайдалануы тиіс нақты бір марка немесе модель бекітілмеген", - деп атап өтті ІІМ.

Сонымен қатар визуалды тексеру кезінде полицей басқа да бұзушылықтарды, мысалы, газ шығару жүйесінің ақауын немесе тиісті рұқсатсыз көлік конструкциясына өзгерістер енгізілгенін анықтай алады.

Мұндай жағдайларда жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Шу өлшегішпен тексеру қалай жүргізіледі?

ІІМ пайдаланылған газдардың шу деңгейін өлшеудің арнайы әдістемесі бар екенін түсіндірді.

Өлшеу қалай жүргізіледі:

автомобиль қозғалыссыз күйде болуы тиіс; өлшеу газ шығатын құбырдың ұшынан 0,5 метр қашықтықта жүргізіледі; шу өлшегіштің микрофоны газ ағынының осіне қарай 45 градус бұрышта (±10 градус ауытқумен) орналастырылады; қозғалтқыш иінді біліктің белгіленген айналу жиілігін сақтай отырып, бос жүріс күйінде жұмыс істейді; сондай-ақ айналу жиілігін бос жүрістің минималды жиілігіне дейін төмендету режимінде де өлшеу жүргізіледі; егер қозғалтқыш белгіленген нысаналы жиілікке жете алмаса, ол техникалық регламент талаптарына сәйкес анықталады.

Қозғалтқышы көлік қозғалыссыз тұрғанда жұмыс істей алмайтын көлік құралдары үшін аталған әдістеме бойынша тексеру жүргізілмейді.

"Аспаптық өлшеу жүргізілген жағдайда, нәтижелер тиісті түрде тіркеліп, белгіленген тәртіппен іс жүргізу материалдарына тіркелуі тиіс", - деді ведомство өкілдері.

Тексеруден кейін жүргізуші іске қатысты материалдармен танысуға, түсініктемелер мен ескертулер беруге, сондай-ақ нәтижелермен келіспейтінін білдіруге құқылы.

Айта кету керек, жүргізушінің құжатқа қол қоюы оның өз кінәсін мойындағанын білдірмейді.

Барлық патрульде шу өлшегіш болуы тиіс пе?

Заңда әрбір экипаждың шу өлшегішпен жабдықталуы туралы міндетті талап жоқ.

"Шу деңгейін аспаппен өлшеуді көздейтін іс-шараларды өткізу кезінде қолдануға рұқсат етілген және белгіленген метрологиялық талаптарға жауап беретін тиісті өлшеу құралдары қолданылады", - деп атап өтті ІІМ.

Егер экипажда шу өлшегіш болмаса да, полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, оның техникалық жай-күйін тексере алады.

Шу өлшегішсіз дыбыс үшін айыппұл салуға бола ма?

Егер полицей автокөлікті қатты дыбыс үшін тоқтатса, бұл жүргізушіге бірден айыппұл салынады дегенді білдірмейді. Бұзушылықты дәлелдеу қажет.

"ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша шудың нормативтік деңгейден асып кеткенін анықтау үшін қызметкердің "тым қатты" деген субъективті бағасы, әдетте, жеткіліксіз. Белгіленген нормативтен асып кетуді растайтын дәлелдемелердің болуы қажет", - деп хабарлады ІІМ.

Осылайша, дәл шу деңгейінің асып кеткені үшін жауапқа тарту үшін автомобильдің белгіленген нормативтен асатынын растау қажет.

Шу үшін айыппұл мөлшері қандай?

Шу деңгейін асырғаны дәлелденген жағдайда, жүргізуші ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Осы баптың 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға ескерту жасау немесе 10 АЕК, заңды тұлғаларға -100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Тыныштық орнатты: Алматыда гүрілдейтін көліктерге рейд басталды. Фоторепортаж

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью