Қазақстандағы тағы да бір танымал блогер хиджаб киюден бас тартты

29.11.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақтөбеде мешітте өзіне «уақытша неке» ұсынған ер адам туралы видеосымен елді дүрліктірген блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы да жұрт назарын өзіне аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Танымал діндар тиктокер жақында көпшілікке жаңа бейнесін көрсетті. Онда Эммануэлла діни киім киетін стилінен бас тартып, хиджабын шешкенін жария етті.

Бұл өзгеріс әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Кей діндар әйелдер оны сынап, ауыр сөздер жазса, басқа қыз-келіншектер керісінше блогерді қолдап, «денсаулығына байланысты шешім қабылдады, дұрыс істеді» деп қорғауда.

Эммануэлланың күтпеген өзгерісі қоғамда тағы да үлкен талқылауға себеп болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью