Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда жайлы көктемгі ауа райы болады деп болжайды. 19 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталып, температура одан әрі көтеріледі, деп хабарлайды тілші.Tengrinews.kz.
Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда жайлы көктемгі ауа райы болады деп болжайды. 19 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталып, температура одан әрі көтеріледі, деп хабарлайды тілші.Tengrinews.kz.
Астана — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Алматы — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяз бен 1 жылы аралығында, күндіз 13-15 градус жылы. Іле-Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы.
Шымкент — көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 16-18 градус жылы.
Ақмола облысы — жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстігінде 2 аяз, күндіз 1-6 градус жылы.Көкшетау — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Алматы облысы — жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған тұман. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 4 аяз бен 1 жылы аралығында, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 8 градус аяз, күндіз 13-18, облыстың таулы аудандарында 3-8 градус жылы.Қонаев — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
Жетісу облысы — жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндізАлакөл көлдері ауданындаекпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4 аяз бен 1 жылы аралығында, облыстың таулы аудандарында 9 аяз, күндіз 11-16, облыстың таулы аудандарында 5 градус жылы. Талдықорған — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.
Түркістан облысы — облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 аяз, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 7-12 градус жылы.Түркістан — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 13 градус жылы.Орал — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Атырау облысы — жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 3 аяз, күндіз 10-15 градус жылы.Атырау — ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 градус жылы.
Маңғыстау облысы — түнде облыстың батысында, орталығында аздаған жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 0 градус, күндіз 13-18, облыстың солтүстік-батысында 10 градус жылы. Ақтау — көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
Ақтөбе облысы — жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз, күндіз 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 12 градус жылы.Ақтөбе — ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Қостанай облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы.Қостанай — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы — түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, төменгі боран, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың оңтүстігінде 11 градус аяз, күндіз 1-6, облыстың батысында 9 градус жылы.Петропавл — көшпелі бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар, жаяу боран, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Павлодар облысы — таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы.Павлодар — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Қарағанды облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 13, облыстың оңтүстігінде 2 аяз, күндіз 2 аяз бен 3 жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде 8 жылы.Қарағанды — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1 аяз бен 1 жылы аралығында.
Ұлытау облысы — жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 7-12, облыстың шығысында 3 градус жылы.Жезқазған — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы — облыстың солтүстігінде аздаған қар, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 15-20 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы, облыстың шығысында 4 градус аяз.Өскемен — бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел солтүстік-батыстан 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Абай облысы — облыстың солтүстігінде түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың шығысында 10 градус аяз, күндіз 1-6, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы.Семей — көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Қызылорда облысы — жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2 аяз бен 3 жылы аралығында, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 11 градус жылы.Қызылорда — аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 16-18 градус жылы.
Жамбыл облысы — күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 градус жылы.Тараз — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.