Қазақстандық 600 мың теңгеге дәрігер дипломын сатып алмақ болған

19.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Абай облысының полициясы алаяқтық фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысының полициясы алаяқтық фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Үржар ауылының 24 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2025 жылдың ақпанында алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған.

Тергеу деректері бойынша, 44 жастағы әйел медициналық диплом дайындаймын деген желеумен оның ақшасын иемденген. Жәбірленуші құжат аламын деп үміттеніп, алаяқ әйелге 600 000 теңге берген, алайда уәде етілген қызмет көрсетілмеген.

Өткізілген шаралар барысында күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды. Әйелге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі қолданылды.

Полиция "жылдам" немесе "бейресми" жолмен құжат рәсімдеу заңсыз әрі қаржылық шығынмен қатар, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенінін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью