Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ақтөбенің пысық тұрғыны жылжымайтын мүлікке қатысты алдау схемасын ойлап тапқан. Ол өз баспанасын үстемеақыға кішірек пәтерге айырбастауды ұсынған. Мұндай нұсқаға 17 адам қызығушылық танытқан. Әйел әрқайсысынан ақша алғанымен, ешкім кең пәтер иесі атанбады.
Поделиться
Ол пәтер айырбастау туралы идеясын хабарландыруға орналастырған. 46 жастағы ақтөбелік әйел өзінің үш бөлмелі пәтерін кішірек баспанаға ауыстыруды жоспарлап отырғанын көрсеткен. Алайда, артық "шаршы метрлер" үшін үстемеақы төлеу қажет болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ақшаны алғаннан кейін әйел клиенттеріне жауап бермей, бой тасалаған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 2025 жылдың аяғынан бастап күдікті Ақтөбенің 17 тұрғынын алдап үлгерген. Алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ заңсыз әрекеттің басқа да ықтимал эпизодтары анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция сатып алу-сату мәмілелері кезінде өзіңізді қалай қорғауға болатыны туралы қысқаша жадынама дайындады:
құжаттар ресми түрде рәсімделмейінше және мәміле мемлекеттік тіркеуден өтпегенше ақшаны бермеңіз; жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарын тексеріңіз; нотариустар мен жылжымайтын мүлік саласындағы мамандар қызметіне жүгініңіз; күдік туындаса немесе алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.Тағы оқыңыз:
Тұрғын үйді сатып алу-сату шартын нотариуста жасау міндетті емес. Нені білу керек?
“Үйімді тез арада, арзанға сатамын“. Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлер қалай алданып қалады?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу