Қазақстандық әйел TikTok тағы тікелей эфирден кейін психикалық ауруханаға түсті

10.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

TikTok-тағы тікелей эфир Жамбыл облысының 41 жастағы тұрғыны үшін облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызумен аяқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

TikTok-та "Алтын қыз" деген лақап атпен танымал Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғыны Лайло Қасымова Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды.

Полицияның мәліметінше, бұған дейін әйел тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, ескертулер мен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, әйел мұндай әрекетін жалғастырып, тіпті кәмелетке толмаған балаларына қатысты да балағат сөздер айтқан.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері қорғаншылық органдарымен және басқа да тиісті қызметтермен бірлесіп, балалардың тұру және тәрбиелену жағдайын тексерді. Қазіргі уақытта олар әкесінің қарауында.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы тексергеннен кейін Лайло Қасымова Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды, қазір ол сол жерде ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда интернет пен әлеуметтік желілердегі заңсыз контентті анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр. ІІМ мәліметінше, ел көлемінде 20-дан астам стример жауапқа тартылған.

Жақында полицияның назарына желінің екі қолданушысы — Түркістан облысының стримері мен Ақтөбе облысының тұрғыны ілікті. Себеп біреу: жарияланған видеолардағы балағат сөздер.

Қазақстанда интернетті треш-стримерлерден "тазарту" жалғасып жатыр

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью