Қазақстандық әкімдік бөлімін “жеке дүкен“ деп атап, сотқа тартылды

29.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл жазда әкімдік бөлімі туралы Facebook-те жарияланған жазба Жамбыл облысының тұрғынын сотқа сүйреді. Шенеуніктердің бірі оның үстінен талап арыз түсірген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талап қоюшының айтуынша, жарияланымда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына күмән келтіріліп, бөлім қызметі "жеке дүкенге" айналған деп сипатталған. Сондай-ақ мекеме қызметкерлері азаматтардың мәселелерін шешуге заңсыз кедергі келтіріп отыр деген теріс пікір қалыптастырған.

"Жазба жарияланған сәтте мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті қараудың заңмен белгіленген мерзімі әлі аяқталмаған еді. Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде мерзімдердің бұзылғаны және азаматтарға негізсіз кедергілер жасалғаны туралы мәлімдемелер пайда болды", - делінген сот хабарламасында.

Талап қоюшы азамат таратқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын, бұл жағдай халықтың мемлекеттік органға деген сеніміне нұқсан келтіріп, оның іскерлік беделіне зиян тигізуі мүмкін екенін алға тартты. Осыған байланысты ол соттан мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, жауапкерді жазбаны өшіріп, теріске шығару жариялауға міндеттеуді және моральдық шығын өндіруді талап етті.

Сотта тараптар өзара ымыраға келіп, медиациялық келісім жасасты.

"Жауапкер өзінің Facebook парақшасында теріске шығару жариялап, бөлімнен кешірім сұрауға міндеттелді. Сондай-ақ ол бұдан былай расталмаған ақпарат таратпауға және мәліметтерді жарияламас бұрын олардың анықтығын тексеруге уәде берді. Өз кезегінде талап қоюшы қойған талаптарынан бас тартты", - деп хабарлады сот.

Келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз:Thirty Seconds to Mars тобының жанкүйері Алматыдағы концерттен кейін сотқа жүгінді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью